Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада қымбат иіссуды қолды еткен Өзбекстан азаматы құрықталды

Астанада 130 мың теңге тұратын иіссуды қолды еткен Өзбекстан азаматы құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға косметика дүкенінің иесі жүгініп, құны 130 мың теңге тұратын Montale иіс суының ұрланғаны туралы хабарлаған. Бейнекадрларда ер адамның бутикке кіріп, сөредегі тауарларды қарап жүргені көрінеді. Сатушының назары басқа жақта болған сәтті пайдаланып, ол сөреден қорапшаны алып, қалтасына салып алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданының полицейлері бейнекамералар арқылы күдіктінің жүрген жолын қадағалап, ер адамды ұстады. Ол Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматы болып шықты.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шетелдік азамат ұрлық жасағанын мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру