Елордада қымбат телефонды қолды еткен күдікті ұсталды
Елордада қымбат телефонды қолды еткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық полицейлер 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Белгілі болғаны, ол массаж салонынан шығып, айналасында басқа адамның жоқ екенін пайдаланып Iphone 14 Pro Max телефонын ұрлап кеткен. Ұрланған мүліктің жалпы құны 700 мың теңгені құрайды. Тергеу барысында күдікті ұрлық жасағанын мойындады. Айғақ зат тәркіленді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Астана қаласының полиция департаменті ұрлық ауыр қылмыс санатына жатқызылғанын еске салады. Мұндай қылмыстар үшін мүлікті тәркілеумен үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын еске салады.