Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада шетелдік азамат жатақханадан телефон мен күнбағыс майын қолды қылған

Елорда шетел азаматы жатақхана бөлмесінен ыдыстағы күнбағыс майы мен телефон жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы ПБ-ның жедел уәкілдері ұрлық жасады деген күдікпен Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматын анықтады. Күндіз Аманат көшесіндегі жатақханаға шетелдік азамат кіріп, бөлмелерді аралай бастаған. Бір бөлменің есігі ашық, қожайындары жоқ екенін байқап, ішке кірген. Жігіт күнбағыс майы құйылған бөтелке мен OРРO  телефонын алып бөлмеден шығып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жүрген жерін анықтады. Ұрланған мүлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру