Қостанай облысында IPSC-тен практикалық атыс бойынша ашық чемпионат өтті
Қостанай облысында IPSC-тен практикалық атыс бойынша ашық чемпионат өтті. Спорттық іс-шараға Қостанай облысы ПД және арнайы бөлімшелерінің полиция қызметкерлері, сондай-ақ спортшылар қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарыс Қостанай облысы шекара қызметі департаментінің атыс алаңында өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ-дегі кеңейтілген алқа отырысында мемлекеттің тиімділігі көбіне құқық органдары қызметкерлерінің кәсібилігі мен адами қасиеттеріне байланысты екенін атап өтті.
– Бұл дағдылар заңдылықты сақтау, азаматтарға дұрыс және сыпайы қарау, жеке тәртіптілік, дене шынықтыру, сондай-ақ жауынгерлік қарумен жұмыс істеу дағдыларынан тұрады, – деді Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.
Жарыстың ұраны «Қуат, жылдамдық және дәлдік» деген сөздер болды. Оларға 50-ден астам спортшы қатысты. Оның ішінде Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген қатысушылар қаруды меңгерудің жоғары шеберлігін көрсетті. Жарыстың бас төрешісі Виталий Кузнецов – бірінші санатты IPSC төрешісі болды. Нәтижесінде «Стандарт» бөлімінде СҚО полицейі – Жанат Баймұқамбетов жеңімпаз атанды, практикалық атыс бойынша екінші орынды қостанайлық спортшы Тұрар Шандаулов иеленді, үшінші орынды Қостанай облысы ПД ОЖВ қызметкері Рустам Ержанов иеленді.
«Open» бөлімінде 1-орынды ОЖВ қызметкері Марат Мамаев иеленді, 2-орынды Сырым Жұмасейіт, 3-орынды ОЖВ қызметкері Александр Борбошов қанжығаға байлады. Командалық біріншілікте «Стандарт» бөлімінде СҚО ПД ОЖВ қызметкерлері жеңіске жетті. Екінші орынды Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ қызметкерлері және үшінші орынды осы спорт түрінен спортшылар иеленді.
Командалық біріншілікте «Open» бөлімінде Қостанай облысы ПД ОЖВ қызметкерлері үздік деп танылды. Екінші орын – Ақтөбе облысының полицейлері және үшінші орын – спортшыларға берілді. Осы байқаудың жеңімпаздары тамыз айында Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатыса алады.
Сондай-ақ іс-шара аясында Қостанай облысының полицейлері арасында спорттың осы түрін дамытуға қосқан үлесі үшін ПД бастығы Ерлан Файзуллинге IPSC практикалық атыс федерациясының атынан алғыс айтылды.