Елордада зергерлік бұйым дүкенінен алтын ұрлаған азамат анықталды
Елордада зергерлік бұйым дүкенінен алтын ұрлаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанадағы сауда үйлерінің бірінен алтын ұрланған. Сатушы әйел жоғалған әшекейлерді бірнеше күннен кейін байқаған. Келтірілген шығын 500 мың теңгеден асады.
Аталмыш факті негізінде Байқоңыр аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау жазбаларын зерделеу барысында, сатушы әйелдің басқа тұтынушыларға алаңдап тұрғанын байқаған белгісіз қыздың екі алтын алқаны ұрлап кеткенін көрді.
Полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында жеке тұлғаны анықтады. Ол 26 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.
Қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.