Елордада жасөспірім көліктен ұрлық жасаған
Елордада жасөспірім көліктен ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бөтеннің мүлкін жасырын ұрлады деген күдікпен 14 жастағы кәмелетке толмағанды анықтады.
Тергеу барысында анықталғандай, жасөспірім түнгі уақытта 187 көшесінде кілттелмеген көліктер кездесіп қалар деген үмітпен есіктердің тұтқаларын тартып көрген. Осылайша Меrcedes автокөлігінің тұтқасын тартып, оның құлыпталмағанын түсінген. Автокөліктің салонына кіріп, ол жеке заттарды – банктік картаны және темекі шегуге арналған электронды құрылғыны ұрлаған.
ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Кәмелетке толмаған баланы заңды өкілдеріне тапсырып, ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды.