Елордада жігіт өз қызының ақшасын ұрлап кеткен
Нұр-Сұлтанда жігіт өз қызының ақшасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қала тұрғыны жатақханадағы бөлмесінен ақшалай қаражаты жоғалғаны жөнінде арызданған.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол жатақхана бөлмесінде онымен бірге тұрған қыздың 21 жастағы жігіті болып шықты. Жігіт қыздың үйде болмаған сәтін пайдаланып, 90 мың теңге көлемінде қаражатын ұрлап, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады.