Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда құрылысшы жұмыс берушінің пәтерінен унитаз бен электркептіргіш ұрлап кетті

Нұр-Сұлтанда пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылысшы жаңа сантехниканы ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы ер адамды ұстады.

Полицияға қала тұрғыны пәтерінен жаңа сантехниканың жоғалып кеткені туралы арызданған. Тергеу барысында күдіктінің жалдамалы жұмысшы болып істегені және пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Үй иелерінің сенімі мен олардың жоқ кезін пайдаланған ол пәтерден құны 260 мың теңге тұратын электркептіргіш пен унитазды ұрлап кеткен.

Аталған фактіге сәйкес «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады, ұсталған ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру