Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ҚАЖ қызметкерлерімен экстремизм мен терроризм бағытында іс-шара жүргізілді

Елордада ҚАЖ қызметкерлерімен экстремизм мен терроризм бағытында іс-шара жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ЕЦ-166/10 мекемесі кадр саясаты тобының инспекторы М. Дүйсенбайдың бекіткен жылдық жоспардың тармақтарына сәйкес, жеке құрам арасында іс-шара жүргізу мақсатында экстремизм, терроризм және психологиялық релаксация тақырыбын ала отырып, «Ақниет» ақпараттық-насихаттаy және оңалту орталығынан білікті маман Шынар Наурызбаева шақырылды.

Тақырыпты талқылау барысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі діни бағытына бейімдеу, ұлттық құндылықтарды жеткізу мәселелерін қозғады. Өскелең ұрпақ бойында еліне, жеріне деген отансүйгіштік қасиетін арттыру, сонымен қатар қазіргі қоғамда әрбір этносқа аса үлкен қауіп төндіріп тұрған діни экстремизм және террорлық әрекеттердің алдын алу бағытында пікір алмасып, ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру