Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жол ережесін бұзған мотоцикл жүргізушілері ұсталды

Елордада жол ережесін бұзған 12 мотоцикл жүргізушілері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында екі түнде жол қозғалысы ережелерін бұзған 12 мотоцикл жүргізушісін ұстады. Оның ішінде 8 байкер, тиісті санаттағы басқару құқығынсыз және құжаттарсыз басқарған. Кавасаки ZX 9R, Enduro B7, Racer, Минск, SUZUKU S1B мотоциклдері коммуналдық тұраққа орналастырылды.

Оның шабандоздарына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ Harley-Davidson мотоциклінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты міндетті сақтандыру полисінсіз басқарғаны үшін ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі әкімшілік хаттама жазылып, оның мотоциклі коммуналдық тұраққа қойылды. Сонымен қатар, Yamaha және Кавасаки ZX 9R мотоциклдерінің нөмірі, стандартты бұзғаны анықталды. Оның иелері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астанада жаз мезгілі басталғалы 104 мотоцикл жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру