Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қала тұрғындарын қоқыс тастамауға шақырды

Алматы полициясы қала тұрғындарын қоқыс тастамауға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы қоғамда “құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті” қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Нөлдік төзімділік – ұсақ құқық бұзушылықтарға теріс реакция. Әркім азаматтардың құқығын құрметтеп, қоғамдық тыныштықты бұзбай, мәдениетін танытуы керек.

– Бүгінде көшедегі қылмыстардың алдын алудың негізгі тұтқасы – әкімшілік құқық бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу, сондай-ақ олардың жасалуына мүлдем төзбеушілік таныту. Бұл бағыттың маңызы ерекше, себебі ұсақ құқық бұзушылықтар, мейлі қоқыс тастау, жол қозғалысы ережелерін бұзу және басқа да заңсыз көріністер болсын, азаматтардың келешекте аса ауыр әрекеттер немесе қылмыстар жасауына алғышарттар болып саналады, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Диас Дуанбеков.

Әкімшілік заңнаманың талаптарына сәйкес қоғамдық орындарды ластау ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша жауапкершілік көзделген құқық бұзушылық болып саналады.

Алматыда жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластауға байланысты 5370 құқық бұзушылық анықталды. Айыппұл сомасы 91 миллион теңгеден астам болды. Сондай-ақ полицейлер ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесуде қаладағы заңдылық пен тәртіптің жай-күйіне бей-жай қарамайтын азаматтық қоғамға ерекше рөл жүктелетінін атап өтті.

Белсенділер, әдетте, өздеріне белгілі деректерді бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарлайды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары жоғарыда аталған ресурстарға кеңінен мониторинг жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру