Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат көлік тізгініне қайта отырған

Елордада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат көлік тізгініне қайта отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңғы сағат 04:30-да полицейлер Volkswagen Polo көлігін тоқтатып, оның құжаттарын тексеру кезінде көліктің 33 жастағы жүргізушісінен алкогольдің өткір иісі шыққанын байқаған. Медициналық сараптама нәтижесі жүргізушінің жеңіл мас болғанын көрсеткен.

Сондай-ақ полицейлер 2022 жылдың қазан айында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ер адам ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады. Алайда жүргізуші өзіне тиісті қорытынды жасамай, тағы да мас күйінде рөлге отырған.

Қазіргі таңда азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлiк құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйде адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру