Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында атыс қаруын заңсыз сақтау фактісі анықталды

Түркістан облысында атыс қаруын заңсыз сақтау фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісін анықтады

Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері Мақтаарал ауданы Атакент ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күмәнді ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер көліктің ішін тексеру кезінде Саига атыс қаруы мен шолақ аңшылық мылтық, сондай-ақ аталған қарулардың 8 оқ-дәрісін тауып, тәркіледі. Жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер ер адамның атыс қаруын қандай мақсатта заңсыз ұстағанын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру