Елордалық екі тұрғын құрылыс нысанынан 2,5 млн теңгенің құрал-сайманын ұрлап кеткен
Елордалық екі тұрғын құрылыс нысанынан 2,5 миллион теңгенің құрал-сайманын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны құрылыс нысанының аумағынан белгісіз адамдар құрал-сайман ұрлап кеткені туралы полицияға арызбен жүгінді.
Астана қаласы ПД Алматы ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлыққа қатысы бар екі ер адамды анықтады.
Тергеу барысында 25 және 35 жастағы екі астаналықтың аталған құрылыс алаңында бұрын жұмыс істегені анықталды. Түнде бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып, күдіктілер Күйші Дина көшесіндегі нысаннан болгарка, перфоратор, дәнекерлеу аппаратын, циркулярлы араны және тағы да басқа 2 миллион 482 мың теңге болатын құрылыс заттарын ұрлап кеткен. Кейін ұрланған заттарды сатып жіберген.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамдар мойындау көрсетпелерін берді, олардың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.