Елордалық полицейлер Байқоңыр ауданында рейдтік іс-шара жүргізді
Елордалық полицейлер Байқоңыр ауданында рейдтік іс-шара жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Aғымдағы жылдың басынан бері «Байқоңыр» ауданы жергілікті полиция қызметінің бөліміне әртүрлі оқиғалар бойынша 29 мыңға жуық өтініштер келіп түсті. Қоғамдық орындарда тіркелген қылмыстар саны 10%-ға төмендеді, сонымен бірге тіркелген қылмыстар саны 2,2%-ға, ауырлығы төмен қылмыстар 57,1%-ға және ауыр қылмыстар саны 36,9%-ға өсті.
«2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау жөніндегі бағдарламаны» жүзеге асыру мақсатында полиция қызметкерлері ұрлықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шараларды өткізе отырып, аудандағы криминогендік жағдайға күн сайын талдау жүргізеді.
Пәтер ұрлығының алдын алу мақсатында тұрғын үй секторларына күнделікті аралау жұмыстары жүзеге асырылады. «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 4 722 пәтер тексерілді, оның нәтижелері бойынша жалға берілетін 549 пәтер анықталды.
Алаяқтық әрекеттермен байланысты тіркелген қылмыстардың 19,8%-ға (592-ден 709-ға дейін) айтарлықтай өсу қарқыны байқалады.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша тұрғындар арасында ескерту-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімдігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, ПИК чаттарына, аудан тұрғындарына, жалпы білім беретін оқу орындары мен балабақшаларға брошюралар, бейнероликтер орналастырылды.
Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, кәмелетке толмағандар, мас күйінде жасалған қылмыстар мен ұрлықтардың көбеюіне жол берілген.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері 16 188 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Аудан әкімдігінде ойын-сауық мекемелерінің басшыларымен жұмыс кеңесі өткізілді, онда қоғамдық орындарда және көшелерде азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары айтылды.
Жалпы «мас күйде» жасалған қылмыстың алдын алу мәселелері өте өзекті болып қала береді. Қоғамдық орындарда алкогольдік өнімдерді ішкені және мас күйінде болғаны үшін 1 705 азамат жауапкершілікке тартылды.
Іс-шаралар барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына 400-ден астам адам жеткізілді, оның ішінде 79 адамға құжаттарды қалпына келтіру және ресімдеу бойынша әлеуметтік көмек көрсетілді. Наркологиялық диспансерге мәжбүрлеп емдеуге 11 азамат жіберілді.
Сондай-ақ азаматтардың жаппай болатын жерлерін, ойын-сауық мекемелерін (кафе, барлар, мейрамханалар, түнгі клубтар, компьютерлік клубтар) құқық бұзушылықтарды анықтау үшін тексеру жұмыстары жүзеге асырылды. Тексеру барысында кәмелетке толмағандарды ойын-сауық орындарына сағат 22.00-ден бастап ата-анасының еріп жүруінсіз кіргізгені үшін 5 компьютерлік клубтың жетекшілері, кафе, мейрамхана және сауна иелері ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ішкі істер органдарының тұрғындармен байланысын нығайту, олардың сенімін арттыру үшін учаскелік полиция инспекторлары 165 есептік кездесу өткізді.
Өткен жылмен салыстырғанда тұрмыстағы құқық бұзушылықтар 10%-ға артты. «Маскүнемдік» отбасылық және тұрмыстық жанжалдардың негізгі себебі болып табылады. Талдауға сәйкес, оның негізгі бөлігі түнде болады.
Оның себептерінің бірі – тыйым салынған уақытта алкогольдік ішімдіктерді сату. Шағын және орта бизнес субъектілері алкоголь өнімін өткізу тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша полицейлер 122 фактіні анықтады, сот шешімі бойынша 86 лицензия тоқтатылды, 8 субъект мемлекеттік лицензиядан айырылды.
Аудан бойынша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 58 мың тұрғын мен қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдерін қамтитын WhatsApp, Telegram арқылы барлығы 529 жалпы үй чаттары құрылды.
Халықтың құқықтық сауаттылығын дамыту және әйелдердің құқықтарын кемсіту фактілерін анықтау мақсатында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп ақпараттық буклеттер таратты. «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы, «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өтеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында ювеналды полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізіп отырады.
Іс-шаралар барысында 733 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 119-ы кәмелетке толмағандармен жасалған. 603 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 67 бала орналастырылды. Ағымдағы жылы ювеналды полицияның учаскелік инспекторларымен 38 жасөспірім, 41 тұрмысы нашар отбасы анықталып, ішкі істер органдарына есепке алынды. Үш ата-ана сот шешімімен ата-ана құқығынан айырылды, төрт ата-ананың құқықтары шектелді.
– Мемлекет басшысының 2022 жылды балалар жылы деп жариялау туралы тапсырмасын іске асыру аясында жасөспірімдер қылмысы проблемаларын шешу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету ерекше өзекті болып отыр. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескертудің маңызды шарасы олардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру болып табылады. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың көпшілігі еш жерде оқымаған немесе жұмыс істемеген. Бұдан басқа тұрмыстық қылмыстың алдын алу мақсатында ҮЕҰ мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, дағдарыс орталықтарымен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету қажет. Жыл басынан бері 102 арнасына тұрмыс саласында екі мыңға жуық өтініш келіп түсті, 498 адам жауапқа тартылды, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мақсатында 1 470 қорғау ұйғарымы шығарылды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін 63 «отбасылық жанжалқой» жауапкершілікке тартылды, – деді «Байқоңыр» ауданы ПБ бастығы Марат Абиров.