Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы көше алаяқтары туралы ескертті

Алматы полициясы көше алаяқтары туралы ескертті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының мәліметінше, қаскөйлер қала тұрғындарының сенгіштігі мен ақкөңілділігін пайдаланады.

– Тізбек келесідей: жас жігіт ықтимал құрбанына жақындап, өзінің басына түскен қайғысы туралы хабарлайды. Бейтаныс адам өтіп бара жатқан адамнан карточкалық шотын пайдалануға рұқсат сұрайды, себебі оған ата-анасы қаражат жіберуі керек екен. Шындығында, аударымды жіберуші – қылмыстың серіктесі, ол жаңа ғана ұрланған басқа біреудің ұялы телефонынан сенгіш адамның есепшотына ақша аударады. Алаяқтың құрбаны ешнәрседен күдіктенбей, ақшаны шешіп, бейтаныс адамға береді, ол өзі де байқамай бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысушы болып шығады, – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Осыған байланысты Алматы полициясы өзіңізді және мүлкіңізді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін барынша шаралар қабылдауды ұсынады:

– бейтаныс адамдарға, олар сізге қандай оқиға айтса да, сенбеңіз;

– бейтаныс адамдарға сіздің карталық шотыңызды манипуляциялауға жол бермеңіз;

– жеке деректеріңізді үшінші адамдарға бермеңіз;

– қырағырақ болыңыз және әркімге сене бермеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру