Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жаңа тұрғын үйлерде жүрген көлік ұрылары ұсталды

Алматыда жаңа тұрғын үйлерде жүрген көлік ұрылары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Оларды Наурызбай ауданының полицейлері мен қаланың криминалдық полиция қызметкерлері ұстады.

Алматы облысының екі тұрғынының мойнында көлік ұрлаудың төрт дерегі бар.

– Олар негізінен ВАЗ көліктерін ұрлаған. Қылмысты жаңа тұрғын үйдің бірінің жанында жасаған: олар көліктің дабылының жоқтығын тексерді, құлыпты ашты, содан кейін көліктер фазендаға апарған. 3 көлік айғақты зат ретінде тәркіленді және іс материалдарына қосылды. Күдіктілер тағы бір көлікті сатып үлгерді. Ұсталғандардың екеуі де бұрын тонау және қарақшылық жасағаны үшін сотты болған. Олар аталған эпизодтарды жасағандарын мойындады, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру