Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда үздік патрульдік полиция қызметкері анықталды

Алматыда үздік патрульдік полиция қызметкері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 жастағы Жангелді Қалиев үздік патрульдік полиция қызметкері атанды. Ол полицияда төрт жылдан бері қызмет етіп келеді. Алайда жұмысқа кіргеніне көп болмаса да қызметке ерекше көзге түсті.

– Біріншіден, ол өте әдепті, еңбекқор және жан-жақты. Оның қызмет кестесі тығыз болғанымен, кәсіби спортпен айналысуға уақыт пен күш-қуат табады. Ол – жауынгерлік самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оны ұжым ерекше құрметтейді. Біз оны өзгелерге үлгі етіп келеміз, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Оралбек Ахимов.

“Алматы қаласының үздік патрульдік полицейі” байқауына барлығы 8 инспектор қатысты. Қазылар алқасы олардың атыс және дене дайындығына, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне, көлік жүргізу дағдыларына және алғашқы медициналық көмек көрсетулеріне баса назар аударды. Айтпақшы, Алматының үздік патрульдік қызметкері осы аттас республикалық байқауда шаһар намысын қорғайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру