Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция кибералаяқтықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті

Павлодар облысы Шарбақты ауданында полиция кибералаяқтықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шарбақты ауданында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында кең көлемді көшелік акция өткізді. Түсіндіру шаралары аудан орталығында ұйымдастырылып, тәртіп сақшылары тұрғындармен жеке кездесіп, киберқауіпсіздік бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.

Кездесу барысында полицейлер интернет-алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдерін түсіндіріп, әсіресе өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе мемлекеттік ұйым өкілі ретінде таныстыратын алаяқтардың әрекеттеріне ерекше тоқталды.

Полицияның негізгі кеңестері:

▪️ SMS-кодтар, ПИН-кодтар мен банк картасының деректерін ешкімге бермеңіз;

▪️ Бейтаныс адамдардан келген күмәнді ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз;

▪️ Мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.

Түсіндіру жұмыстарының соңында тұрғындарға интернеттегі қауіпсіздік ережелері жазылған арнайы жадынамалар таратылды.

- Қырағылық пен сақтық - интернет-алаяқтарға қарсы ең тиімді қорғаныс, - дейді Шарбақты аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Алмас Баймбет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру