Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында студенттерге сталкингтің алдын алу бойынша түсіндіру сабағы өтті

Абай облысында студенттерге сталкингтің алдын алу бойынша түсіндіру сабағы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы "Технологиялық" колледжінде республикалық қауіпсіздік сабақтары аясында студенттермен сталкингтің алдын алу тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Абай облысы полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Виталий Каверин қатысып, жастармен ашық форматта қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — психологиялық қысым көрсету мен адамның мазасын алып қудалау әрекеттері туралы әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында студенттерге сталкингтің қауіпті мінез-құлық түрі екені түсіндірілді. Ол үздіксіз қоңырау шалу, мазалайтын хабарламалар жіберу, әлеуметтік желіде аңду, бақылау жасау және психологиялық қысым көрсету арқылы байқалуы мүмкін.

Полицейлер ерекше назар аударған тақырыптар:

▪️ Цифрлық қауіпсіздік;

▪️ Жеке деректерді қорғау;

▪️ Қудалау жағдайында әрекет ету алгоритмі.

Студенттерге мұндай жағдайларды елемеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін екені ескертіліп, қауіптің алғашқы белгілері байқалған сәтте бірден полицияға жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

Кездесу барысында жастар белсенді сұрақтар қойып, өмірде кездесетін түрлі жағдайларды талқылады. Сондай-ақ интернет кеңістігі мен күнделікті өмірде жеке қауіпсіздікті сақтау бойынша практикалық кеңестер алды.

Абай облысы полиция департаменті жастармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен зорлық-зомбылыққа төзбеушілікті тәрбиелеудегі маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру