Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция қызметкері бұқаралық марафонда жүлделі орын иеленді

Абай облысында спорт пен мәдениетті ұштастырған "Көркейген өлке — Көкпекті" спорт және мәдениет фестивалі аясында бұқаралық марафон өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарысқа 65-тен астам қатысушы қатысып, спортшылар 3 шақырым қашықтықта бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Ертай Канафин 3 шақырымдық жүгіруден III орын иеленді.

Полиция қызметкері үшін бұл нәтиже қызметтік міндеттерді атқарумен қатар, дене дайындығына да тұрақты көңіл бөлудің маңызын көрсетеді. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері үшін жоғары физикалық дайындық — кәсіби қызметтің маңызды талаптарының бірі.

Фестиваль аясындағы спорттық дода бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Жарысқа қатысу қызметкерлердің дене дайындығын жетілдіріп, спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру