Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер 105 шақырымдық велошеруге қатысты

Атырау облысында 150-ден астам әуесқой велоспортшының басын қосқан "Tour de Saraishyq-2026" велошеруі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық шараға Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы Сұлтан Сапарғалиев және Индер ауданы полиция бөлімінің көші-қон тобының инспекторы Римма Арыстанова қатысты.

Велошабандоздар сапарын Сұлтан Бейбарыс алаңынан бастап, Махамбет ауданындағы тарихи Сарайшық қалашығында мәреге жетті. Қатысушылар 105 шақырымдық қашықтықты еңсерді.

Шара барысында велошеруге қатысушылар "Сарайшық" сапар орталығына барып, ортағасырлық қаланың тарихы мен мәдениетімен танысты.

Полиция қызметкерлері аталған велошеруге қатысу арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті.

Мұндай спорттық іс-шаралар қызметкерлердің дене дайындығын жетілдіріп қана қоймай, белсенді өмір салтын қалыптастыруға және әріптестер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру