Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында жолда қалған шетелдіктерге полицейлер көмектесті

Атырау облысында жолда қалған шетелдіктерге полицейлер көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қазан күні сағат 22:50 шамасында Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылы маңындағы жанармай құю бекетінің жанында патрульдік полиция қызметкерлері көмекке мұқтаж төрт Германия азаматын байқады.

Анықталғандай, шетел азаматтары автокөлікпен Қазақстаннан Қырғызстанға бағыт алған. Алайда жолда көліктерінің бірінің бөлшегі сынып, сапарларын жалғастыруда қиындық туындаған.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы Әліби Жасталапов пен Нұрмағанбет Мұқышев шетел азаматтарына қажетті көмек көрсетіп, жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде Германия азаматтары сапарларын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды.

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қиын жағдайға тап болған азаматтарға да көмек көрсетуге әрдайым дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру