Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар үстел теннисінен жарысқа қатысты

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар үстел теннисінен жарысқа қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі – бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік бейімдеу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау.

Осы мақсатта Сырдария аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ мен аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен жарыс өтті. Спорттық сайысқа пробация қызметінің есебінде тұрған 25 азамат қатысты.

Жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген жігерін танытты. Сайыс қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен қатысушылар анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.

-  Бұл жарыста пробация қызметінің есебіндегі азаматтар тартысты ойын көрсетіп, спортқа деген қызығушылықтарын танытты. Алдағы уақытта спорттың басқа да түрлерінен осындай іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр, — деді Сырдария аудандық пробация қызметінің бастығы Асылжан Сақыбеков.

Мұндай спорттық іс-шаралар пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға бейімделуіне, бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру