Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттық футболдан жарыс өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында киберспорттық футболдан жарыс ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық шара Қызылорда облысының дене шынықтыру және туризм басқармасымен бірлесіп өткізілді. Бәсекеге 25 сотталған қатысып, PlayStation платформасында футболдан өзара бақ сынады.

Тартысты өткен жарыстың негізгі мақсаты — спорт пен киберспортты дамыту, жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру.

Жарысқа қатысушылар шараның қызықты әрі тартысты өткенін атап өтті.

- Бүгінгі жарыс біз үшін ерекше болды. Футбол ойнап, өзара бақ сынастық. Осындай спорттық шаралар көңіл-күйімізді көтеріп, бос уақытымызды тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Жарысты ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, — деді жарыс қатысушысы.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар №37 мекеме бастығының грамоталарымен, сондай-ақ Қызылорда облысының дене шынықтыру және туризм басқармасы басшысының дипломдары, медальдары мен кубоктарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру