Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есептегі азаматтар ұлттық ойыннан бақ сынады

Қызылорда облысында есептегі азаматтар ұлттық ойыннан бақ сынады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сырдария ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында ұлттық ойындарды дәріптеуге бағытталған спорттық шара өтті.

Шараны Сырдария аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен "Сырдария Нұрдария" қоғамдық қоры және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.

Жарыс барысында қатысушылар асық атудан бақ сынап, мергендік пен ептіліктерін көрсетті. Бұдан бөлек, арқан тартудан сынға түсіп, күш пен ұйымшылдықтарын байқатты. Тартысты өткен сайыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, ойын көркін қыздырды.

Ұлттық ойындарды насихаттауды мақсат еткен шара қатысушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын қалыптастыруына және өзара қарым-қатынасты нығайтуына мүмкіндік берді.

Шараға қатысқан пробация есебіндегі азаматтар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

- Бүгінгі жарыс бізге жақсы көңіл күй сыйлады. Асық атып, арқан тартып, өзара жарысып қана қоймай, бір-бірімізбен жақсы араластық. Осындай шаралардың жиі ұйымдастырылғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі спортпен айналысу адамды тәртіпке, ұйымшылдыққа баулиды, – деді ол.

Мұндай шаралар пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға бейімделуіне оң ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру