Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полиция ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті

Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған топ мүшелерінің кәсіпкерлер мен азаматтардан күш қолданамын деп қорқыту арқылы ақша бопсалап, түзеу мекемелеріндегі сотталғандарға арналған "ортақ қорға" қаржы жинаумен айналысқаны анықталды.

Тергеу барысында қылмыстық әрекеттердің бірнеше эпизоды дәлелденіп, санкцияланған тінтулер жүргізілді. Нәтижесінде травматикалық және пневматикалық қарулар, оқ-дәрілер, ақша қаражаттары және өзге де айғақ заттар тәркіленді. Сонымен қатар жәбірленушілер мен куәлардан жауаптар алынып, банк аударымдары мен цифрлық дәлелдемелер зерттеліп, қылмыстық топтың заңсыз әрекеттері толық расталды.

Аталған деректер бойынша қорқытып алу, заңсыз қару сақтау, бұзақылық және ұйымдасқан қылмыстық топты құру мен оған қатысу фактілері бойынша бірнеше қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық топтың сегіз мүшесі күдікті ретінде танылып, олардың басым бөлігіне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен белсенді мүшелеріне 4 жылдан бастап 11 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекетін анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыстар ішкі істер органдарының тұрақты бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру