Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер бірнеше ұрлықтың бетін ашты

Елордалық полицейлер бірнеше ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұра ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде құрылыс объектісінен ұрлық жасаған Өзбекстан Республикасының тумасын анықтады.

Тергеу барысында жалпы құны 300 мың теңге тұратын құрылыс материалдарын өз көлігімен келген зейнет жастағы азаматтың қолды қылғаны белгілі болды. Ол бөтен адамдардың жоқтығын пайдаланып, көлікпен алдын ала келіп, материалдарды алып кеткен.

Елорда аумағында осы жылдың 20 қарашасынан бастап «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Алдын алу іс-шарасының негізгі бағыттары – көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту, вандализм фактілерінің жолын кесу, заңсыз көші-қонды анықтау және т. б.

«Құқықтық тәртіп» жедел шарасын өткізу кезінде елордалық полиция қызметкерлері базарларды, құрылыс нысандарын, қоғамдық тамақтандыру мекемелерін, жатақханалар мен өндірістік кәсіпорындарды тексерді. Іс-шара басталғаннан бері 69 шетелдік азамат елімізден шығарылды.

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 31 жастағы астаналық азаматты анықтады. Тергеу барысында ер адамның түскі сағат 15:00 шамасында Ш. Құдайбердіұлы көшесіндегі дүкенге келгені анықталды. Жігіт бутиктердің бірінде сатушы үстелінде жатқан Vivo телефонын байқаған. Сатушының орнында жоқтығын пайдаланып, ол құны 100 мың теңге тұратын гаджетті алып кеткен.

Телефонды ұрлау сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қала тұрғыны мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріліп жатыр. Сонымен қатар ер адамның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.Аталған екі фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру