Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 45 полиция қызметкері алғашқы офицерлік шендерін алды

Алматыда 45 полиция қызметкері алғашқы офицерлік шендерін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәстүр бойынша Алматы қалалық ПД-да департамент бастығы Арыстанғани Заппаровтың қатысуымен салтанатты рәсім өтті.

Қаладағы тәртіпті тәулік бойы қамтамасыз ететін офицерлер қатарын жас жігіттер мен қыздар толықтырды: 45 тәртіп сақшысы лейтенант шенін алды.

– “Отан үшін отқа түс – күймейсің!” деген Бауыржан Момышұлының тамаша сөзі бар. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыспен жанқиярлықпен күресу міндеті – құрметті әріптестер, сіздерге жүктеледі. Әрқайсыңыз жүрегіңіздің үнімен, жаныңыздың қалауымен қазақ полициясының қатарын толықтырдыңыздар. Анттарыңызға, халқыңызға адал болыңыздар! Сіздерді өмірлеріңіздегі айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын, құрметті әріптестер!, – деп Арыстанғани Заппаров жас қызметкерлерге лебізін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру