Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да тыйым салынған аймақта балық аулаған азамат анықталды

ШҚО-да тыйым салынған аймақта балық аулаған азамат анықталды. 60 келіден астам балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күршім ауданында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полицейлер жыл бойына тыйым салынған шығанақ аймағында браконьерді анықтады. Ауыл тұрғынын тінту кезінде тәртіп сақшылары оның торға салып аулаған балық ресурстарының бірнеше түрін тәркіледі. Оның ішінде көксерке – 15,1 келі, шортан – 32,7 келі, алабұға – 1,5 келі, қарақұйрық – 11,5 келі болған. Заңсыз ауланған балықтың салмағы 60 келіден асқан. Осылайша браконьер 350 мың теңге көлемінде залал келтірді.

Балықшыға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру