Елордалық полицейлер компьютерлік клубқа келушінің сөмкесін қолды қылған күдіктіні құрықтады
Елордалық полицейлер компьютерлік клубқа келушінің сөмкесін қолды қылған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұра ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бөтеннің сөмкесін ұрлады деген күдікпен 44 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында ер адамның сол жақ жағалауда орналасқан компьютерлік клубқа келгені белгілі болды. Ойын залында болған кезде көрші компьютердің орындығында жатқан сөмкені байқайды. Күдікті көрші отырған клиенттің сыртқа шығып кеткен сәтін пайдаланып, алдымен оның әрекетін бақылайтын куәгерлердің бар-жоғын тексеріп, содан кейін AirPods 3 құлаққабы, Apple қуаттағышы салынған сөмкені ұрлап, мекемеден кетіп қалған. Келтірілген материалдық шығын 200 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.