Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі бірлескен отырыста талқыланды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында сотталғандарды жұмыспен қамтуға шағын және орта бизнесті тарту жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған департаментке қарасты №12, 14, 49, 57 мекемелердегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін бірлескен кеңес отырысы ұйымдастырылды.

Кеңес отырысына “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму департаментінің, Қонаев қаласы мен Заречное ауылы әкімдігінің, сондай-ақ прокуратура, “Еңбек-Жауғашты” республикалык мемлекеттік кәсіпорын филиалының, Қонаев қаласының халықты жұмыспен қамту бөлімінің өкілдері қатысты.

Бірлескен отырыста, түзеу мекемелерінің аумағындағы шағын және орта бизнес мәселелері, мекеме аумағында бизнес ашу үшін қарастырылған жеңілдіктер, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстар алу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру