Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні құрықтады

Елордалық полицейлер пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға хабарласқан жәбірленуші оның үйінен құнды заттар мен қомақты қаражат ұрланғанын жеткізген. Тергеу барысында белгілі болғандай, Астана қаласының Горький көшесінде орналасқан үйлердің біріне терезе арқылы кірген ұры, екі алтын сақина мен 50 мың теңге ақшаны жасырын ұрлап шыққан.

Ұрлық болған мекенжайға жедел жеткен Алматы ауданының тәртіп сақшылары қаскүнемнің терезе арқылы кіргенін анықтаған. Ауладағы және жақын маңдағы бейне бақылау камераларын қарау кезінде күдікті адам мәлім болды. Полицейлер жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы елорда тұрғынын қолға түсірді.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізілуде. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру