Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жыл басынан бері 214 жол апаты тіркелген

Павлодар облысында жыл басынан бері 214 жол апаты тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында бірінші жартыжылдықта 214 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 33 адам қаза тауып, 276 адам жарақат алды. Статистика көрсеткендей, негізгі себеп – жол қозғалысы ережелерін сақтамау: жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншілерге жаяу жүргіншілер өткелінде артықшылық бермеу, жолдың белгіленбеген жерінен өтуі, қарсы қозғалыс жолағына шығу, көлік құралын мас күйінде басқару.

Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін полицейлер 60 мыңнан астам азаматты жауапқа тартты. Жүргізушілер, әсіресе, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында мұқият болуы керек. Жол жүрісі қағидаларының 14.2-тармағының талаптарына сәйкес, егер реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің алдында көлік құралы тоқтап қалса немесе қозғалысын баяулатса, онда көрші жолақтар бойынша қозғалатын басқа көлік құралдарының жүргізушілері тоқтаған немесе қозғалысты баяулатқан көлік құралының алдында жаяу жүргіншілер жоқ екеніне көз жеткізіп қана қозғалысты жалғастыра алады. Осы ережені сақтамаудың салдары өте ауыр болуы және адамдар зардап шегетін апатқа әкелуі мүмкін.

Мәселен, 17 шілде сағат 09.35-те Омбы – Майқапшағай автожолында, Солтүстік өнеркәсіптік аймақтағы 217 ғимаратына қарама-қарсы Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен 28 жастағы қала тұрғыны мен оның 10 жасар қызын соғып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған әйел мен бала ауруханаға жеткізілді.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді. Жүргізушілер де жаяу жүргіншілер де мұқият болу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру