Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан полицейлері «Диона» дүкенінің тауарын ұрлаған адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға «Диона» дүкендер желісінің әкімшілігі белгісіз адамның үй тауарларын ұрлағанын хабарлады.

Елордалық полицейлер бұрын сотты болған 28 жастағы ер адамды ұстады. Қаскүнемнің кешкі сағат 20.15 шамасында Республика даңғылы бойындағы дүкенге сатып алушы кейпінде кіргені анықталды. Сатушының жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін ол тауарларды күртешесінің астына жасырып ұрлай бастаған. Ұрлық сәті бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалған. Дүкен иесіне келтірілген шығын сомасы шамамен 50 мың теңгені құрайды.

Іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Одан заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру