Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер ұрлықтың бірнеше фактісін ашты

Елордалық полицейлер ұрлықтың бірнеше фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен елорданың 27 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адам қаланың сол жақ жағалауында орналасқан компьютерлік клубта бұрын жұмыс істегені анықталды. Түнгі уақытта ол ойын ойнау үшін клиент кейпінде аталған клубқа келген. Күдікті әкімшінің жақсы қарым-қатынасын пайдаланып, ешқандай күдік тудырмай 95 мың теңге тұратын бейнекартаны компьютерден шешіп әкеткен. Ұрланған электр құрылғыны бейтаныс адамға арзан бағаға сатып жіберген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ұрлықтың тағы бір фактісінде елордалық тұрғын арызданып, оның түнгі уақытта жеке мүлкі, атап айтқанда терезеге арналған темір қоршаулары қолды болғанын айтты. Осылайша, жәбірленушіге 80 мың теңге көлемінде шығын келтірілген.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 39 жасар қала тұрғынын қолға түсірді. Оның ұрлық жасаудағы әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

– Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Белгілі болғаны, ұсталған азамат 2021 жылы ұрлық жасағаны үшін сотты болған, бірақ тиісті нәтиже шығармай қайтадан құқық бұзушылық әрекет жасап отыр. Ол өз кінәсін мойындады, – дейді Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мадияр Омаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру