Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер ұрлықтың екі эпизоды бойынша күдіктіні ұстады

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам дүкенге кіріп, кассадан ұялы телефонды байқаған. Қаскүнем сатушының назары басқа клиенттерге ауған сәтін пайдаланып, гаджетті қолды еткен.

Алайда бұл оған жеткіліксіз болып, келесі күні Сығанақ көшесінде есігі жабылмаған Газель автокөлігін байқайды. Содан ол қолайлы сәтті пайдаланып, көліктен ұялы телефонды ұрлаған.

Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұрын сотталған күдікті өз кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру