Елордалық полицейлер жылу құрылғыларын қолды қылған тұрғынды анықтады
Елордалық полицейлер құрылыс нысанынан жылу құрылғыларын қолды қылған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында оң жақ жағалауда орналасқан құрылыс алаңынан ұрлық жасады деген күдікпен 43 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында ер адамның түнгі уақытта Қошқарбаев көшесінде кетіп бара жатып, қылмыстық оймен сол жердегі құрылыс нысанына басып кіргені белгілі болды. Бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып ол жерден жалпы құны 700 мың теңге тұратын 25 дана батареяны жасырын алып шыққан. Кейін күдікті ұрланған құрылыс материалдарын сатып жіберген.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.