Елордалық полиция басшысы ІІМ Басқару академиясының тыңдаушыларына дәріс оқыды
Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясының тыңдаушыларына дәріс оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында дәріс оқыды. Ол біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан бөлім басшыларына "Ішкі істер органдарын басқару жүйесі" тақырыбында дәріс оқыды.
ПД басшысы басқарушылық құзыреттерді дамыту бойынша нақты ұсыныстар беріп, кәсібилік, жауапкершілік, стратегиялық міндеттерді дұрыс қоя білу, басқару құралдарын тиімді пайдалану кез келген бөлімнің тұрақты әрі нәтижелі жұмысының кепілі екенін атап өтті. Дәріс барысында ІІМ министрі 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялауына ерекше назар аударылды. Қалалық полиция басшысы профилактикалық жұмысты жұртшылықты тарта отырып күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
— Қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір басшының басты басымдығы болуы тиіс. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шешімдер қабылдау қажет, — деді Марат Төлебаев.