Елордалық полиция басшысы Марат Төлебаев МИБ және ПИК төрағаларымен кездесті
Елордалық полиция басшысы Марат Төлебаев МИБ және ПИК төрағаларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесуде ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Полиция жұмысының тиімділігі ПИК пен МИБ-тің учаскелік инспекторлармен белсенді өзара іс-қимылына және елордада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстар екенін баса атап өтті.
Кездесу полицияның жұртшылықпен өзара іс-қимылын нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Марат Төлебаев елордадағы криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы айтып, жедел жағдайдың тұрақты екенін атады.
Кездесуде ПИК және МИБ өкілдері бейнебақылау камералары бойынша ТК маңындағы абаттандыру және жол белгілеріне қатысты проблемалық мәселелермен бөлісті. Сондай-ақ 24/7 режимде халықпен жұмыс істейтін кейбір учаскелік инспекторларды атай келе, құқықтық тәртіпті және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз етудегі бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді.
– МИБ-пен полицияның ПИК өзара іс-қимылы елордада қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстар жасайды, – деді елорда ведомствосының басшысы. Ол сондай-ақ жүргізіліп жатқан алдын алу шараларының арқасында қоғамдық орындарда және қала көшелерінде қылмыстар азырақ жасалғанын айтты.