Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицияның құрама командасы қазақ күресі бойынша турнирдің күміс жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің құрама командасы қазақ күресі бойынша жарыстың күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасы ІІМ чемпионаты 22-23 сәуір аралығында Петропавл қаласында өтті. Турнир қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының ПД құрамасы Қарағанды облысының ПД-не бір ұпай ұтылып, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Елордалық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев қызметкерлерді табысты нәтижелерімен құттықтады.

«Республикалық турнир тәртіп сақшыларының спорттық дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Күрес түрлерінің негізгі тәсілдерін меңгеру полиция қызметкерлерінің жұмысында, әсіресе қылмыскерлерді ұстау кезінде үлкен маңызға ие», – деп Марат Төлебаев марапаттау барысында атап өтті және спортшыларға одан әрі табыс тіледі.

Полиция департаментінің басшылығы тәртіп сақшыларының дене шынықтыру дайындығына ерекше көңіл бөледі, қызметкерлерді жаңа спорттық нәтижелерге қол жеткізуге шабыттандырады.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын алғаны үшін Ерболат Құнанбаев, 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асхат Елубаев, 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Олжас Шынкеев марапатталды.

Сонымен қатар құрама команданың сапында Мәди Амангелдіұлы, Ерасыл Тұрсынбеков және Ержан Оразбек болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру