Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ командасы шағын футболдан өткен республикалық турнирде екінші орын иеленді

Ішкі істер министрлігінің құрама командасы шағын футболдан QAZAQSTAN QYZMET FUTSAL SUPER CUP республикалық турнирінде екінші орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық жарыс Ақтөбеде өтті. Сайысқа 16 команда қатысты.

ІІМ құрамасы – Қазақстан футбол федерациясы ойындарының тұрақты қатысушысы, сонымен қатар мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан ҚР чемпионы.

Финалдық матч ІІМ мен “Авиценна” Батыс Қазақстан медицина университетінің командалары арасында өтті. Есеп 1:1 болып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

– Министрлік басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Менің ойымша, командамыз жақсы нәтиже көрсетті, – деді ІІМ командасының өкілі Шалқар Көшеров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру