Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дзюдодан Азия чемпионы Ұлттық ұлан сапында қызмет етеді

Дзюдодан Азия чемпионы Ұлттық ұлан сапында қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2018 жылғы Бішкекте өткен Азия чемпионатының жеңімпазы бүгінде еліміздің қалқаны болған Ұлттық ұлан сапында жас сарбаздарға тәлім тәрбие беріп, физикалық жағынан дамуларына өз үлесін қосып жүр.

Спорт пен бірге басқада салаларды бірге алып жүрген Бауыржан Мұратбайұлы бірер жыл бұрын Ұлттық ұлан қатарында өз әскери борышын өтеген болатын. Ал, міне бүгінде жауырыны жерге тимеген, боз кілемде өз қарсыластарына мүмкіндік бермей жүрген спортшымыз ендігі кезекте өз білгенін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімінде қызмет етіп жүріп, жас сарбаздарға үйретіп жүр.

– Отан алдындағы әскери борышты өткеру еліміздің әрбір азаматы үшін парыз. Менде сол жауапкершілікті сезініп өз борышымды 6656 әскери бөлімінде өтеген болатынмын. Бүгінгі күні сол қызметті жалғастыру мақсатында Ұлттық ұлан әскер қатарына келісімшарт қызметі бойынша әскерге шақыртылдым,- деді өз сөзінде Азия чемпионы Бауыржан Нарбаев

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру