Елордалық ҚАЖ департаментінің қызметкерлері қару-жарақ жасырылған орынды тапты
Елордалық ҚАЖ департаментінің қызметкерлері қару-жарақ жасырылған орынды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінің және департаменттің жедел бөлімінің қызметкерлерімен жедел ақпаратты бірлесіп іске асыру барысында арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жанында Көкшетау қаласының бағытына қарай, теміржол көпірінің тұсында, автокөліктерге арналған тұрақ ауданында, ағаш үйінділерінің астынан атуға жарамды 12 калибрлі ИЖ маркалы бір оқпанды аңшылық мылтық табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Осы бағыттағы жұмыс, заңсыз айналымдағы қаруды табу және алып қою ерекше бақылауда және жалғасатын болады. Қару-жарақты, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қауіп төндіретінін еске салғым келеді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Даулет Рақымбеков.