Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғындарынан жыл басынан бері заңсыз сақталған 55 бірлік қару тәркіленді

СҚО тұрғындарынан жыл басынан бері заңсыз сақталған 55 бірлік қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ғабит Мүсірепов ауданының 56 жастағы тұрғыны Есіл жағасынан мылтық тауып алған. Яғни, ер адамда бұл мылтық бойынша рұқсат құжаттар жоқ. Тіркелмеген ИЖ-58 қос ұңғылы мылтықты тәртіп сақшылары қосалқы үй-жайдан тапты. Тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша жауапкершілік жүктелді.

– Мұндай тауып алған заттар туралы полицияға дереу хабарлау қажет. Тіркелмеген қару – қауіп көзіне жатады. Жыл басынан бері облыстың 3 тұрғыны полицияға табылған қару туралы мәлімдеді. Тағы 16 адам өз еркімен заңсыз сақталған қару-жарақ үлгілерін тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатудың жалғыз жолы, – деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Қаңтар айынан бастап полицейлер СҚО тұрғындарынан тіркелмеген 55 бірлік атыс қаруын тәркіледі. Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, биыл өткізілген “Құқықтық тәртіп” екі жедел алдын алу іс-шарасы аясының өзінде 45 бірлік қару тәркіленді, оның ішінде жеті шолақ мылтық, 2 бірлік мылтық және 229 түрлі калибрлі патрон бар. Бұл жұмыс криминогендік жағдайды тұрақтандыру мақсатында тұрақты негізде жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру