Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында сотталғандар “Өмірді сақта” акциясына қатысып жатыр

Павлодар облысының ҚАЖ қызметкерлері “Өмірді сақта” акциясын сотталғандармен бірге өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауының жиілеп кеткеніне байланысты қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері “Өмірді сақта” акциясын өткізуде. Акция барысында олар көпбалалы отбасылардың үйлерінің терезелеріне тор қойып беріп жатыр.

– №45 мекемеде жаза мерзімін өтеп жатқан сотталғандар металл конструкцияларын дайындау цехына жұмысқа орналасқан. Әртүрлі жағдайларға байланысты терезелерге торларды өздері сатып алуға мүмкіндігі жоқ отбасылар үшін бірнеше терезе торларын жасауды ұсындық. Бүгін біз үш отбасыға бардық. Енді мұндай оқиғалар болмайды деп үміттенеміз, – деді ҚАЖД қызметкері Динара Махмудова.

– Мен металл бұйымдарын өндіру цехында жұмыс істеймін. Мекеме әкімшілігінен отбасыларға көмектесу және акцияға қатысу туралы ұсыныс түскен сәтте, бірден келістім. Менің де балаларым өсіп келе жатыр, баланың өмірінен қымбат ештене жоқ. Жаза мерзімін өтей отырып, адамдарға пайдалы бола алғаныма қуаныштымын, – деді сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру