Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады 

Kaspi.kz ІІМ көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен және ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, жаңа қызметті іске қосты. Енді мобильді қосымшада тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдеуге болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл қызмет арқылы үй иесі өзін және отбасы мүшелерін (14 жастан асқан балалар), сондай-ақ бірге тұратын басқа да адамдарды өз пәтерінде тіркей алады. Сонымен қатар меншік иесі өз үйінен бірге тұрмайтын адамдарды өз бетінше тіркеуден шығара алады.

Егер сіз үйдің иесі болмасаңыз және біреуге тіркелгіңіз келсе, онда сервистің өзі үй иесінің келісімін сұрайды.

– Біз Kaspi.kz-те жаңа қызметтерді іске қосуды жалғастырып жатырмыз. Сіз мемлекеттік мекемелерден анықтама ала аласыз, балаларға арналған жәрдемақыларды рәсімдей аласыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркеле аласыз және басқа да көптеген мәселелерді тез шеше аласыз. Біз ІІМ, Әділет және Цифрландыру министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтерді қазақстандықтар үшін одан да ыңғайлы және қолжетімді ету мүмкіндігіне алғыс айтамыз», – деді Kaspi.kz басшысы және құрылтайшысы Михаил Ломтадзе.

ІІМ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша полиция қызметін цифрландыру жұмысын жалғастыруда.

– Мобильді қосымшалар қарапайым және түсінікті, ал оларды пайдалану көрсетілетін қызметті алушы мен қызметкердің тікелей байланысын болдырмайды. Сондықтан ІІМ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфондарға шығаруға ерекше назар аударады. Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер онлайн режимде қолжетімді. Енді азаматтар ХҚКО мен полицияға барып, кезекте тұрып, уақыт жоғалтпайды, – деп атап өтті ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

 

– Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қызметтердің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Мысалы, өткен жылы сыртқы платформалар арқылы миллионнан астам қызмет көрсетілді, – деп хабарлады ЦДИАӨМ.

Тіркеу кезінде ЖСН енгізу жеткілікті, ал аты-жөні мен мекенжайы автоматты түрде пайда болады. Қызметті пайдалану қауіпсіз. Тіркелу кезінде фото сәйкестендіруден өту керек. Бұл сізден басқа ешкім сіздің атыңыздан аталмыш қызметті пайдалана алмайтындығына кепілдік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру