Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам ақмолалық әйелден ірі ақша сомасы бар сөмкені тартып алды

Ер адам ақмолалық әйелден ірі ақша сомасы бар сөмкені тартып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазан сағат 18:20-да Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 29 жастағы тұрғыннан 16 қазанда сағат 23:00 шамасында белгісіз тұлға 300 мың теңге сомасындағы ақша қаражаты мен құжаттары бар сөмкені ұрлап кеткені туралы арыз келіп түсті. Шығын сомасы 315 мың теңгені құрады. Ақмолалық тұрғын бірден полицияға арыз жазған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 36 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Көшеде өтініш берушімен танысып, спирттік ішімдікті ішкеннен кейін, “танысы” оның сөмкесін алып, бой тасалаған. Ер адам ақшаны жұмсап үлгерген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы “келу міндеттемесі” таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру