Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция иттері ерекше балалармен тіл табысуға үйретіледі

Полиция иттері ерекше балалармен тіл табысуға үйретіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы түзету мектеп-интернатының балалары Алматы қаласындағы ІІМ Кинологиялық орталығына шақырылды. Ерекше балалар қызметтік иттермен танысты, олардың көрсетілімдеріне қатысып, төрт аяқты полиция көмекшілерін басқаруды және командалар беруді үйренді.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков мұғалім-тьюторлармен кездесуде полиция иттерін осындай кездесулер үшін ерекше балалармен коммуникация әдістеріне арнайы оқытқанын атап өтті.

Олар қимылдарды, сөйлеу интонациясын өте жақсы сезінеді және дұрыс түсінеді, бейтаныс адамдардың достық мінез-құлқын ынталандырады.

Арнайы дайындалған иттер психикалық және жүйке жүйесін жеңілдетеді, белгілі бір әлеуметтік және коммуникативті мінез-құлықты дамытуға көмектеседі.

Әрбір ерекше бала ересек итпен танысуға, күшіктерге жақындап  ойнауға, оларды тамақтандыруға мүмкіндік алды. Барлық балалар мен оларды ертіп келген ересек адамдар Кинологиялық орталықтың  қарауындағы иттермен естелік фотосуреттерге түсіп, естелік сыйлықтар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру