Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция иттері есірткіні пошта сәлемдемелерінен іздеуге көмектесуде

Полиция иттері есірткіні пошта сәлемдемелерінен іздеуге көмектесуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора” республикалық іс-шарасы аясында “Сәлемдемелер супермаркетінің” Алматы қаласы Түрксіб ауданында орналасқан филиалын кинолог және “Лада” атты арнайы үйретілген іздестіру иті сәлемдемелер мен орамдарды тексерді.

– Мақсат – есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың аналогтарының, сондай-ақ тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын анықтау. Жәшіктерді қарау кезінде иіссезгіш екі сәлемдемені белгіледі. Сәлемдемені ашқан кезде метал-пластмасса түріндегі түтік зат салынған қорап табылды. Мұқият тексеру кезінде бұл температураны өлшейтін құрал екендігі анықталды. Екінші сәлемдеме де ашылды, оның ішінде көліктің қосалқы бөлшегі болды. Жедел қызығушылық тудырған басқа заттар болған жоқ, – деді Алматы қалалық ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Тахир Иминов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру